
Өмірбаян
1989 жылы 21 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Бизнес университетінде оқып, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Иноземцев" ЖК" шағын кәсіпкерлігінде компьютерлерді жинақтау және кеңсе техникасын жөндеу маманы ретінде бастады. Қазіргі уақытта "АМФ 1 - Имсталькон" ЖШС-нің атқарушы директоры. Қапшағай қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты. "Ақ жол" партиясынан ұсынылған.





