
Рахматуллина Шолпан Салыққызы
"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы
Өмірбаян
1971 жылы 1 маусымда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Невское ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 1989 жылы Челябі заң техникумын, 2002 жылы Көкшетау университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер.
Еңбек жолын 1989 жылы Омбы қаласының Октябрь аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маманы болып бастады. 1992 жылдан 1997 жылға дейін Щучье қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеді. 1998 жылдан 2001 жылға дейін Целиноград ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында еңбек жолын 2001 жылы ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2013 жылдан бастап Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары болып бастады.

