
Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы
"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" басшының орынбасары
Өмірбаян
1980 жылы 30 қаңтарда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжино ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің біліктілігі экономист-менеджер бойынша құрылыстағы экономика және менеджмент мамандығын тәмәндаған.
2006 жылы «Фемида» заң академиясының заңгер біліктілігі бойынша заңгер мамандығын тәмәндаған.
2017 жылы «Қаржы академиясы» АҚ менеджмент, экономика және бизнес магистрі біліктілігі бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2002 жылы Шортанды ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2007 жылдан Шортанды ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2009 жылдан Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2012 жылдан Шортанды ауданы әкімінің орынбасары.
2021 жылдан 2023 жылғы 3 қарашаға дейін Егіндікөл ауданының әкімі.
2023 жылғы 13 қарашадан бастап Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

