
Өмірбаян
Жүсіпұлы Ақарыс 1987 жылғы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2008 жылы Арыс темір жол колледжін, 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инноациялық университетін бітірген. Мамандығы - Құқықтану.
2006-2013 жылдары "Қазақстан Темір жолы" АҚ Шымкент филиалының Қала маңы тасымалы еншілес ұйымында жолсерік, 2017-2019 жылдары Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясында инженер, 2020-2024 жылдары "Қаз Темір Транс" ЖШС-нің қаржылық директоры қызметін атқарған.
2024 жылдың 25 тамызынан бастап Отырар ауданы, Темір ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





