
Кенже Сымбат Кенжеқызы
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімі басшысы
Өмірбаян
Кенже Сымбат Кенжеқызы1994 жылғы 5 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.
2015 жылы «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК-ны «Тамақтандыру, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдап, техник-механик біліктілігін алды.
2019 жылы «Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті» «Агроинженерия» мамандығы бойынша бітіріп, агроинженерия бакалавры академиялық дәрежесін алды.
2024 жылы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу инспекторы болып бастады.
2023–2024 жылдары – Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің іс қағаздарын жүргізу инспекторы.
2024–2025 жылдары – Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы.
2025 жылғы 2 мамыр – 22 қазан аралығында – Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 23 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы.



