
Нұрқас Айтас Айқынұлы
Катон-Карагай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1994 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Чернова ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2015 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қыркүйек айы аралығында «Асқар Айя» ЖШС-де менталдық арифметика оқытушысы ретінде бастады.
2016-2018 жылдар аралығында Дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School»гимназиясында менталды арифметика секциясының жетекшісі болып қызмет атқарды.
2018 жылдың мамыр айынан 2018 жылдың шілде айы аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маманның міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2018 жылдың шілде айынан 2019 жылдың қазан айы аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.
2019 жылдың қазан айынан 2021 жылдың маусым айы аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.
2021 жылдың маусым айынан бастап 2023 жылдың мамыр айы аралығында «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ-де төтенше жағдайлар жөніндегі әдіскер (мобильді топтың маманы) қызметін атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 01 маусымдағы өкімімен Катонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісінің лауазымына жұмысқа қабылданды.
2024 жылғы маусымнан бастап Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 маусымдағы шешіміне сәйкес ШҚО Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.


