
Зарыпханов Темірхан Мақсатұлы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1996 жылы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, "Құрылыс" мамандығы , 2019 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, "Экономика" мамандығы, 2022 жылы ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITYN "Құқық" мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2018 жылдың наурыз айынан тамыз айы аралығында "Қазсушар" ШЖҚ РМК Жарма өндірістік учаскесінде маман болып бастады.
2019 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың сәуір айы аралығында "3Z-Building" ЖШС директор болып қызмет атқарды.
2019 жылдың қараша айынан 2021 жылдың қазан айына дейін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінде инженер-сметашысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2024 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін Абай облысы Мақаншы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2024 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Абай облысы Мақаншы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2024 жылдың қараша айынан 2026 жылдың сәуір айына дейін Абай облысы Мақаншы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 102-ж өкімімен Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.


