
Саяхат Абдулла
Целиноград ауданы Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Саяхат Абдулла 1997 жылғы 24 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген.
2019 жылы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2019 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметінен бастаған.
1-санатты жаттықтырушы, сондай-ақ киокушинкай-кан каратэден қара белбеудің І дан иегері.
2019–2026 жылдар аралығында ұстаздық және жаттықтырушылық қызмет атқарып, Қазақстан, Азия және әлем кубогі мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен чемпиондарын тәрбиелеген.
2024 жылы Шортанды ауданының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2025–2026 жылдар аралығында Целиноград ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.
Саяхат Абдулла – спорт саласында мол тәжірибесі бар, жас ұрпақты тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосып жүрген білікті маман.
Еңбек жолы
2019 жыл — Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметінен еңбек жолын бастады.
2019–2026 жылдар — педагогикалық және жаттықтырушылық қызмет атқарды. Осы кезеңде Қазақстан, Азия және әлем кубоктары мен чемпионаттарының жүлдегерлері мен чемпиондарын тәрбиеледі. Жаттықтырушы ретінде І санатты біліктілік санатына ие. Киокушинкай-кан каратэден қара белбеудің І дан иегері.
2024 жыл — Шортанды ауданының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2025–2026 жылдар — Целиноград ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.



