
Аким
Ілесбек Руслан Құлмаханұлы
Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ілесбек Руслан Құлмаханұлы 1998 жылы 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ақпараттық жүйелер, 2022 жылы Орталық Азия инновациялық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округі әкімі аппаратында техник-программист болып бастаған.
2020-2023 жылдары Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімі аппаратының инфрақұрылым жөніндегі бас маман, 2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті құрылымдық статистика басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
24 шілде 2024 жылдан бастап Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





