Мұрұмбаев Эрдос Кәкітайұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласының әкімі

    Мұрұмбаев Эрдос Кәкітайұлы
    Аким

    Мұрұмбаев Эрдос Кәкітайұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласының әкімі

    Өмірбаян

    1964 жылы 2 желтоқсанда Семей облысы Шар ауданы Шар қаласында дүнеге келген.

    Білім жоғары. 1987 жылы «В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтутын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

    1987-1989 жылдары Семей қаласының метиз-фурнитур заводының ІІІ дәрежедегі инженер-конструкторы;

    1989 жылдың тамыз қазан айларында Шар аудандық білім бөлімінің мұғалімі;

    1989-1991 жылдары Талдықорған «Казаккумулятор» сілтілі аккумуляторлар зауытының ІІ дәрежедегі инженер-конструкторы;

    1991-1992 жылдары «Олимп» Агрофирмада жабдықтаушысы;

    1992-1993 жылдары Шар қалалық қашықтан басқару пультінің «Жол қорын» іске асырудағы І дәрежедегі инженері;

    1993-1996 жылдары «Дос» шағын жеке кәсіпорын директоры;

    2001-2005 жылдары Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» КМК аға шебері;

    2005-2006 Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» КМК инженері;

    2006-2007 жылдары «Желдорстрой-Шар» ЖШС механигі;

    2007 жылдан 2023 жылдың 11 желтоқсаны аралығында Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» КМК директоры қызметін атқарды.

    Жарма ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі бойынша Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласының әкімі лауазымына сайлады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері