
Мұхамедияров Әділхан Мерекеұлы
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Мұхамедияров Әділхан Мерекеұлы 1987 жылы туған.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің статисті ретінде бастаған.
2008 - 2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2009 - 2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен, діни және этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2010 - 2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы.
2011 - 2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімінің көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған.
2015 - 2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.
2016 - 2017 гг. - Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
2017 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы.
2019 - 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің консультанты.
2021 - 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
2024 жылдың 19 тамызынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.





