
Ажібаев Ердаулет Клышбекұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ердаулет Клышбекұлы 1987 жылғы 19 қарашада Түркістан облысы, Ленгір қаласында туылған. Білімі жоғары. 2010 жылы - М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мұнай газ», 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Құқықтану», 2020 жылы - Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Казтрансгаз аймақ» АҚ-ның 2-разрядтағы слесарь жұмысшысы болып бастаған. 2014-2015 жылдары Шымкент қаласының құрылыс бөлімі тұрғын үй құрылысы секторының бас маманының міндетін атқарушы, 2015-2018 жылдары Шымкент қаласының құрылыс бөлімі тұрғын үй құрылысы секторының бас маманы, 2018-2021 жылдары Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы, 2021-2022 жылдары Шымкент қаласының құрылыс басқармасының әлеуметтік құрылыс бөлімінің басшысы, 2022-2024 жылдары Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2024 жылдың наурыз айынан бастап «MK-TIME» ЖШС-ның директоры болып қызмет атқарған.
Басшы орынбасары басқарманың тұрғын үй құрылысы бөлімі мен «Тұрғын үй Шымкент» жауакершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысына жетекшілік жасайтын болады.


