Торибаев Нұрбол Мекенбайұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Торибаев Нұрбол Мекенбайұлы
    Заместитель руководителя управления

    Торибаев Нұрбол Мекенбайұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Басқарма басшысының бұйрығымен Торибаев Нұрбол Мекенбайұлы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Нұрбол Мекенбайұлы 1986 жылы 15 желтоқсанда Түркістан облысы, Мақтарал ауданында туған. 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – Есеп және аудит.

    Еңбек жолын 2011 жылы Мақтарал ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2013-2014 жылдары Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2017-2018 жылдары Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің қаржы және экономика секторының бас маманы, 2018-2021 жылдары Шымкент қаласының құрылыс басқармасының экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2021-2023 жылдары құрылыс барысын мониторингілеу бөлімінің бас маманы, 2023 жылдың сәуір айынан бастап инвестициялық жобаларды іріктеу және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

    Басқарма басшысының орынбасары басқарманың экономикалық және әкімшілік ұйымдастыру бағыты бойынша жетекшілік жасайтын болады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері