
Өтегенов Ертуған Кеңесұлы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Өтегенов Ертұған Кеңесұлы 1976 жылы 30 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар және мерейтойлық медальдар: 2020ж. - "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төсбелгісі, 2021ж. - "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл" естелік төсбелгісі.
Еңбек жолын жеке компанияларда экономист болып бастаған.
Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс жасайды.
1999 жылдан бастап Салық комитетінің түрлі бейінді бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс жасады.
2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.
2025 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады


