
Өмірбаян
Еруова Жансая Қанатбайқызы 1992 жылғы 18 шiлдеде Жамбыл облысы Меркі ауданында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2008-2011жж Құлан ауылшаруашылығы колледжіне экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына оқып бітірген. 2014 жылы - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жастар тәжірибесі бағдарламасымен бастады;
2012-2013жж. Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратының іс-жүргізушісі;
2013-2014жж. Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2014-2016жж. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік-еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы;
2016-2017жж. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманы;
2017-2022жж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қаржылау және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
01.09.2022ж бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы инфрақұрылым, экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.





