
Өмірбаян
Терлікбаева Айжан Раимжанқызы 1985 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2010 жылы Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласындағы И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын аяқтаған, 2010-2012 жылдары аталған академияның «Акушер және гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура аяқтаған. 2020 жылы Қазақстан инновациялық академиясының «Бизнес және басқару» магистрі.
Еңбек жолы: 2012-2015 жылдар аралығында №9 қалалық емханасында акушер-гинеколог дәрігері болып бастаған.
2015-2018 жылдары №9 қалалық емханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі;
2018-2020 жылдар аралығында №9 қалалық емханасы бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары;
2020-2021 жылдар аралығында №7 қалалық емханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі;
2021-2022 жылдары аралығында №7 қалалық емханасы бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары;
2022 жылдың 24 қарашасынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.





