
Кәрібаев Ернұр Бергенұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Карибаев Ернұр Бергенұлы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Мемлекеттік муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Тараз қалалық білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтериясының жоспарлау бөлімінде экономист болып бастаған.
2005-2010 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің №2 орта мектебінде бухгалтер, 2010-2012 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясында есепші, 2012-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, 2016-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі басшының орынбасары. 2021-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, 01.01.2024 – 04-05-2024 аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

