Қайрат ⠀Мерей Қайратұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Қайрат ⠀Мерей Қайратұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Қайрат ⠀Мерей Қайратұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Мерей Қайратұлы Қайрат 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

    2013 жылы Олимпиадалық резервтің өңірлік спорт колледжін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;

    2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;

    2021 жылы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жекпе-жек түрлері бойынша олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ дзюдо спортынан жаттықтырушы-оқытушы болып бастады.

    2017–2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жекпе-жек түрлері бойынша мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ әдіскер қызметін атқарды;

    2018–2023 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының дзюдо федерациясы» қоғамдық бірлестігінде атқарушы директоры;

    2021–2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы ШҚО жекпе-жек түрлері бойынша мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

    2022–2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған ШҚО мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі» КММ директоры;

    2023–2024 жылдары Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ әдіскер;

    2024–2025 жылдары Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Дене шынықтыру, жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві бөлімінің бас маманы;

    2025–2026 жылдары Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Дене шынықтыру, жоғары жетістіктер спорты, спорт резерві, бұқаралық спортты дамыту және спорт инфрақұрылымы бөлімінің басшысы;

    2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері