Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич

    Қордай аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты

    Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич
    Депутат маслихата

    Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич

    Қордай аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты

    Өмірбаян

    Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич 1969 жылы 6 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "дене шынықтыру және еңбек" мамандығы бойынша, 2003 жылы Қырғыз-Ресей білім академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық – техникалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1990 жылы Қордай ауданы Шарбақты ауылының Сауранбаев атындағы № 36 орта мектебінің мұғалімі. 1995-2003 жылдары – Шарбақты ауылының Сауранбаев атындағы №36 кіші орта мектебінің директоры, 2003-2008 жылдары – Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі бастығының орынбасары, 2008-2010 жылдары – Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, 29.08.2012 ж. – 20.09.2012 г. - Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2012 жылдан 2021 жылға дейін - Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 01.03.2021 ж. – 05.10.2021 ж. – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, 2021 жылдан 2022 жылға дейін - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы, 2023 жылдан бастап – "AMANAT" партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері