
Канцеров Константин Вадимович
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары
Өмірбаян
Туған жері және жылы:
1982 жыл, Қарағанды қаласы.
Білімі:
Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, мамандығы «Халықаралық құқық». ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті, мамандығы «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс».
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
2003-2024 гг. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызмет.
2024 жылғы мамырда ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры" арнаулы атағы берілді.
II-дәрежедегі «Айбын» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазақ, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.



