
Исабеков Сәкен Сайынұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы
Өмірбаян
Білімі:
Д.А. Қонаев атындағы университет, мамандығы «Юриспруденция»;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» магистрі.
2003 - 2021 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.
2021-2022жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Президент күзет қызметінің бастығы.
2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 6 мамырдағы №890 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры" арнаулы атағы берілді.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты" арнаулы атағы берілді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен марапатталған.



