
Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы
Талдыапан ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайшақұдық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы Алматы қаласындағы «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданды Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнында бас есепші қызметінен бастаған.
2015-2020 жылдары Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнында бас есепші болып қызмет атқарды;
2017-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Балбөбек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында есепші болып қызмет атқарды;
2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов ауданының 2-ауруханасы» шаруашылықты жүргізу құқығы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынында есепші;
2021-2024 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепші қызметін атқарды.
2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Талдыапан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, бір ұл, екі қызы бар.



