
Тохтарханов Мирас Маратұлы
"Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшының орынбасары
Өмірбаян
Тохтарханов Мирас Маратұлы 1996 жылы 7 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ – «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында мал шаруашылығы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастады.
2018–2022 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2022–2024 жылдары «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы;
2024 жылы «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің басшысы;
2024 жылғы 9 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары.


