
Қуанбаев Ертай Мүбәрәкұлы
"Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ Басшысы
Өмірбаян
Қуанбаев Ертай Мүбәрәкұлы 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. 2021 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2011 жылы «Зайсан Строй Сервис» ЖШС-де есепші қызметінен бастады.
2011-2012 жылдары «Зайсан Строй Сервис» ЖШС есепшісі, бас есепшісі;
2012-2016 жылдары «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы;
2016-2022 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы, мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің басшысы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы;
2022-2024 жылдары «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары, «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
2024 жылғы 5 сәуірден бастап Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.


