
Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Серикбаев Канатбек Куанышевич 1978 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары мамандығы және 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін жерге орналастыру мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2000-2001 жылдары «Оңтүстік мұнай газ» АҚ-да мұнай және газ бұрғылау моторшысы, 2001-2002 жылдары «Нұр-Серік» ЖШС-де менеджер, 2002-2003 жылдары «Казкоммерцбанк» ААҚ ҚФ-да механик, 2004-2005 жылдары Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінде жетекші маман, 2005-2008 жылдары Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасында жетекші маман, бас маман, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясында бас маман, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында бөлім бастығы, 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Өңіраралық даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясынде бөлім басшысы, 2015-2016 жылдары Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында бөлім басшысы
қызметін атқарған.
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 9 бұйрығымен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.



