Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы

    Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

    Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы
    Руководитель управления

    Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы

    Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы 1967 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

    Білімі жоғары.

    1993 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлер институтын инженер-мелиоратор мамандығы, 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін жерді үйлестіру және жер кадастры бойынша инженер, 2012 жылы «Болашақ» Университетін экономист мамандығы бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 1993-2003 жылдары «Казгипрозем» институтының Қызылорда филиалында инженер-жерге орналастырушы, І-ІІ санатты жерге орналастырушы инженер, бөлім бастығының орынбасары болып, 2003-2004 жылдары Қармақшы ауданының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, 2004-2009 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары (ауыл шаруашылығы және экономика саласы), 2009-2011 жылдары Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының «Қызылордаагросервис» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2011-2012 жылдары Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, 2014 жылдан 2015 жылдың 5 қазанына дейін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    Облыс әкімінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 117-ө өкімімен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері