
Өмірбаян
Прокурордың 2024 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен Жалби Ғани Қуанышұлы Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Жалби Ғани Қуанышұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасында бас маман лауазымынан бастаған.
2004 жылдан бастап 2023 жылдар аралығында Айыртау ауданы прокуратурасында, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген.
2021 жылғы мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.
Үйленген, 4 баласы бар.
Сынып дәрежесі-әділет кеңесшісі



