
Өмірбаян
Бас Прокурордың 2024 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Руслан Серікбайұлы Мұрзасов Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Р.С. Мұрзасовтың прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.
Еңбек жолын 2009 жылы Тайынша ауданы прокурорының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Тайынша ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі іс жүргізудің және ЖІҚ заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2018 жылдың қазан айынан бастап Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары лауазымында.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Үйленген, 2 баласы бар.
Сынып дәрежесі-әділет кеңесшісі



