Дәулетқұл Тайшыман Алимханұлы

    Басқарма басшысынң орынбасары

    Дәулетқұл Тайшыман Алимханұлы
    Заместитель руководителя управления

    Дәулетқұл Тайшыман Алимханұлы

    Басқарма басшысынң орынбасары

    Өмірбаян

    Дәулетқұл Тайшыман 1994 жылдың 15 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Маркетинг» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 2015 жылы Арыс қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы штаттан тыс консультанты болып бастаған. 2017-2018 жылдары Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасында бас маманның міндетін атқарушы, бас маман қызметін атқарды. 2018-2020 жылдар аралығында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппараты Инфрақұрылымды дамыту бөлімінде бас маман, 2020-2022 жылдары Астана қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері коммитеті, тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасында бас сарапшы болып қызмет етті. 2022-2023 жылдары Астана қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері коммитеті, тұрғын үй қорын дамыту басқармасында бас сарапшы болды. 2023 жылдың 22 қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өндірістік нысандарды мемлекеттік қадағалау бөлімінде бөлім басшы қызметін атқарып келген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері