
Байтұрсынов Тарту Орынтайұлы
Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а.
Өмірбаян
Тарту Орынтайұлы 1988 жылдың 20 қаңтарында Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде «Құрылыс», «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы Шымкент қаласындағы «А-Спецстрой» ЖШС-да бетон қалаушы болып бастаған. 2009-2010 жылдар аралығында «Береке» ЖШС-да «прораб» жұмыс істесе, 2010-2013 жылдар аралығында «Табиғат қорғау» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында инженер, аға инженер қызметін атқарған. 2013 жылы «Спец-Тех-1» ЖШС-да бас инженер, бөлім басшысы болып қызмет етті. 2013-2015 жылдар аралығында ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ОҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде бас маманның міндетін атқарушы, кейіннен бас маман қызметін атқарған. 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында бас маман болып жұмыс істеді.
Ол 2018 жылы еңбек жолын Түркістан қаласында жалғастырып, 2018-2020 жылдары Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы» бөлімінің басшысы қызметінде болды. 2020-2023 жылдар аралығында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті. 2023 жылы «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының» басқарушы компаниясы акционерлік қоғамында Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы, 2023-2024 жылдары «Turan» арнайы экономикалық аймағының» басқарушы компаниясы акционерлік қоғамында Басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.
