
Базарбаев Қуанар Бекенұлы
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Өмірбаян
Еңбек жолын азаматтық қорғау органдары жүйесінде бастаған. 1994–2000 жылдары Петропавл қаласында инспектор, өрт сөндіру бойынша кезекші қызмет басшысы, өрт күзеті бекетінің бастығы қызметтерін атқарған. 2000–2005 жылдары Петропавл қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы болды. 2005–2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ін басқарды. 2012–2015 жылдары Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2015–2020 жылдары Маңғыстау облысы ТЖД бастығы, 2020–2023 жылдары Астана қаласы ТЖД бастығы болып қызмет етті. 2023–2026 жылдары Шымкент қаласы ТЖД бастығы лауазымын атқарды. 2026 жылдың маусым айынан бастап қайтадан Маңғыстау облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.



