
Айжарықов Нұрлыбек Өзбекұлы
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары
Өмірбаян
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Нұрлыбек Өзбекұлы Айжарықов.
25 шілде 1980 жылда Ақтөбе облысында туып өскен. 2002 жылы Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2019 жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылғы қыркүйек айынан 2005 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуден бастады. 2006 жылғы ақпан айынан бастап азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызметін жалғастырды.
2015 жылдан бастап Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді.



