Туякбаев Мирбулат Капилович

    Қаратөбе ауылдық округінің әкімі

    Туякбаев Мирбулат Капилович
    Аким

    Туякбаев Мирбулат Капилович

    Қаратөбе ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Туякбаев Мирбулат Капилович 1962 жылдың 26 қаңтары күні Семей облысы Жарма ауданы Кеңтарлау ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 1981 жылы Семей автомеханикалық техникумын «техник-механик» мамандығы бойынша, 1990 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Жалпытехникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1980 жылы «ДСУ-24» ЖШС-де 1 разрядты теміршебер ретінде бастаған. 1983 жылдан 1990 жылға дейін Жарма ауданының Николаевка ауылындағы «Шар» мектебінде еңбек және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі, 1990 жылдан 1995 жылға дейін осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1995 жылдан 1997 жылға дейін Николаевка ауылындағы «Айдын» ЖК директоры, 1997 жылдан 2017 жылға дейін Жарма ауданының Кеңтарлау ауылындағы «Ержан» шаруа қожалығының басшысы. 2017 жылдың мамыр айында Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ретінде жұмысқа қабылданды. 2017 жылдң шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Қаратөбе ауылдық округінің әкімі. Жанұялы. Үш баланың әкесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері