
Өмірбаян
1984 жылы 19 ақпанда Орал облысы Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін
2005 жылы «өнер хореография» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Ш.Жексенбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
Әр түрлі жылдары:
- Бөкей ордасы ауданы Қ.Сағырбаев атындағы орта мектебінің директоры,
- Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
2020 жылдың 23 қарашада Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.



