
Өмірбаян
1979 жылғы 4 наурызда Орал облысы Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары, Орал аграрлы-техникалық колледжін 2000 жылы «мал дәрігерлік медицина» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Орда ауданы М.Бегалиева атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
Әр түрлі жылдары:
- Бөкей ордасы ауданы «Құманкөл» шаруа қожалығының мал дәрігері,
- Бөкей ордасы ауданы «Ж.К.Нургалиев» шаруа қожалығының мал дәрігері,
- Батыс Қазақстан облысы «Сервис-Партнер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал дәрігері,
- Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының автокөлік жүргізуші,
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маман мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы,
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бас маман мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы,
- Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың 29 шілдеде Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.



