
Жарылғасов Сарсен Бегежанұлы
Төрағаның орынбасары
Өмірбаян
1985 жылғы 9 сәуірде дүниеге келген
2019 жылы М.Т. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік–коммуникация саласы академиясын, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2007 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2008 жылғы қазаннан 2019 жылғы қыркүйекке дейін Қаржы, Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментінде, Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, сарапшы-мемлекеттік инспектор және бас сарапшы – әуежайлар басқармасының аға мемлекеттік инспекторы лауазымдарында жұмыс істеді.
2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

