Тоқбергенов Рүстем Тасанбиұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

    Тоқбергенов Рүстем Тасанбиұлы
    Первый заместитель руководителя

    Тоқбергенов Рүстем Тасанбиұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Тоқбергенов Рүстем Тасанбиұлы -сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі, 1980 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: Қазақ мемлекеттік заң академиясын және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    2000 жылдан бастап әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді:

    Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі;

    Алматы қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры;

    Астана қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры;

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының соттарда қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау департаменті заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры;

    Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және Бас көлік прокуратурасының қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету басқармасының бастығы;

    2012 жылдан 2022 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының көлік прокуроры лауазымдарын атқарды;

    2022 жылдың тамыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылды.

    2024 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері