
Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы
Өмірбаян
1967 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын және ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен (2020 ж.) және басқа да ведомстволық наградалармен марапатталған.
1991 жылдан бастап әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде ішкі істер органдарының, мемлекеттік тергеу комитетінің, салық және қаржы полициясының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2014 жылғы қарашадан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында қызмет атқаруда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы басшысының орынбасары, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының басшысы, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Атырау облыстары және Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттері басшыларының (тергеу жұмысы бойынша) орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
2022 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша департамент басшысы лауазымына тағайындалды.
