Әлімжанов Біржан Нұржанұлы

    ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары

    Әлімжанов Біржан Нұржанұлы
    Заместитель Председателя

    Әлімжанов Біржан Нұржанұлы

    ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Біржан Нұржанұлы Әлімжанов 1988 жылы туған.

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын аяқтаған.

    Еңбек жолын 2010 жылы жоғары білім беру жүйесінде жастармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшенің маманы, экономикалық пәндер оқытушысы ретінде бастаған.

    2013-2016 жылдары Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарды.

    2016 жылы мемлекеттік қызметке қабылданды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінде сарапшы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан 2021 жылға дейін квазимемлекеттік сектор құрылымдарында – «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ менеджері, «Қаржы орталығы» АҚ департамент директоры ретінде қызмет етті.

    2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері