
Раисова Лира Фазыловна
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Раисова Лира Фазыловна 1983 жылы туған.
2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады.
2006 жылы Қазақстан-Америка еркін университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмамдап, менеджмент магистрі дәрежесі берілді.
2020 жылы Астана қаласындағы М. С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, «Құқық бакалавры» дәрежесі берілді.
2024 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдап, мемлекеттік басқару және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызмет салаларында тәжірибесі бар.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алу кезеңінде облыстық дебат орталығына жетекшілік етті, сондай-ақ «Студенттік заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің және Іскерлік мансап орталығының басшысы болды.
2005 жылғы 8 шілдеден 2006 жылғы 1 шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат департаментіне қарасты «Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс істеді.
2006 жылғы тамыз айынан бастап мемлекеттік қызметке қабылданып, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2008 жылғы маусым айынан бастап қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін келесі мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінде;
-Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінде;
- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінде;
- Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінде;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінде.
2023 жылғы 13 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келеді.
Мемлекеттік қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.
2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

