
Есанова Жамила Пардакуловна
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының м.а.
Өмірбаян
ЕСАНОВА ЖАМИЛА ПАРДАКУЛОВНА
Қызылорда облысы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Математика және физика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
01.1999 – 02.1999 – Қызылорда қаласындағы «Қабілет» мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі;
12.1999 – 09.2005 – Қызылорда қаласындағы №112 орта мектептің математика және физика пәндерінің мұғалімі;
09.2005 – 02.2006 – Астана қаласындағы «Пронто-Акмола» ЖШС қосымша кеңселерінің маманы;
02.2006 – 12.2012 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінде қызмет атқарып, бас маманнан Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің білім беру мониторингі басқармасының бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті, Астана қаласы;
12.2012 – 05.2013 – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының орынбасары;
05.2013 – 06.2013 – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының міндетін атқарушы;
06.2013 – 06.2014 – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының директоры;
06.2014 – 08.2021 – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Стратегия және корпоративтік басқару департаменті директорының орынбасары;
08.2021 – 12.2021 – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығы конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының басшысы;
12.2021 – 06.2023 – Қарағанды қаласындағы «Quality and Safety» ЖШС шет тілдерін дамыту бөлімінің бастығы;
04.2024 – 10.2025 – Қарағанды қаласындағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы және аттестаттау орталығы» ЖШС директорының орынбасары;
10.2025 – 11.2025 – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК вице-президенті;
2026 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

