
Есімбеков Фархат Асылханұлы
Жарма ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1989 жылы 4 ақпанда Семей облысы Жарма ауданы Воронцовка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2013 жылы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Жарық ауылында Жарма ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушысы болып бастады.
2015-2016 жылдары «Абу Даби Плаза» жобасы «Ворлд Мониторинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде лесомонтаждаушы;
2016-2017 жылдары Жарық ауылында Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресінен жаттықтырушысы;
2017-2021 жылдары «Қалбатау асылтұқымды мал зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың экономика жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жарық ауылында Жарма ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресінен жаттықтырушысы болып қызмет атқарды.
Жарма ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі бойынша Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлады.




