Жапбаров Нұржан Ермаханұлы

    Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысы

    Жапбаров Нұржан Ермаханұлы
    Руководитель отдела

    Жапбаров Нұржан Ермаханұлы

    Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінде дүниеге келген. 2005 жыл - Д.Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университетін, 2018 жыл - Алматы экономика және статистика академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    2005 – 2006 жылдары – «Промстрой» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2006 - 2007 жылдары – «Промстрой» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2007 жыл – «Промстрой» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің инженері, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2007 - 2009 жылдары – «Промстрой» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2009 - 2011 жылдары – «ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы;

    2011 - 2014 жылдары – «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бастығы, ШҚО, Риддер қаласы;

    2014 - 2015 жылдары – «ШҚО Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы, ШҚО, Семей қаласы;

    2015 - 2017 жылдары – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ құрылыс департаментінің директоры, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2017 - 2021 жылдары – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, ШҚО, Өскемен қаласы;

    2021 – 2022 жылдары - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, Глубокое ауданы, Глубокое кенті;

    2022 – 2024 жылдары – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы;

    2024–2025 жылдар – «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы;

    2025 жылғы 5 маусымнан бастап «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері