1993 жылы туған. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін ветеринариялық санитария мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 2014 жылғы 14 желтоқсанда «Қайнар АКБ» ЖШС-де бастаған.
2019 жылғы мамыр айынан бастап Талдықорған қаласының ветеринария бөлімінде бас маман, бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
2020 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясында бас маман, кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қызметтерін атқарған.
2022 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясында бас маман қызметін жалғастырған.
2023 жылғы қазан айынан бастап Жетісу облысының ветеринария басқармасының ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2025 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысының ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы қызметін атқарады.