
Өмірбаян
Мыңбаев Алмас Асқарұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын «Көксу ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маман, бас маманы болып бастады. 2022 жылдың қараша айының 15-нен бастап "Жетісу облысы ветеринария басқармасы" ММ-нің ветеринариялық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. 2024 жылдың 8 қазанынан бастап Жетісу облысының ветеринария басқармасының ветеринариялық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

