
Бегалиев Айдос Нұрғалиұлы
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Өмірбаян
1992 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2019 жылдың 15 тамыз айында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінде әдіскер болып бастаған.
2020–2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман.
2024 жылдың 12 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қызметін атқарып келеді.



