Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Құжаттар
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімдігінің 2026 жылғы 3 тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. Оның ішінде: -"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" – "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" 2026 жылдың 3 тоқсанында ауылдық округі әкімі аппаратында 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: электронды түрде – 2 қызмет ("Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" бойынша 2 қызмет,1 қызмет қанағаттандырылды, 1 қызмет дәлелді себептермен бас тартылды. 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылмады. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған жауапты тұлға жоқ. 2026 жылдың 3 тоқсаны қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану фактілері жоқ. Аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі. 2026 жылдың 3тоқсанындамекеме қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтпеді. Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2026 жылы 3 тоқсанында1 түсіндірме іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.