Ахметжанов Саян Қылышұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы

    Ахметжанов Саян Қылышұлы
    Руководитель

    Ахметжанов Саян Қылышұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы

    Өмірбаян

    1967 жылы 26 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген.

    1984 - 1991 жылдары Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Заң факультеті,"Құқықтану" мамандығы, 2022-2023 жылдары KAZGUU M. narikbaev University магистратурасы, құқық магистрі бітірген.

    «Құрмет» (2011) және «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған.

    1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1986-1988 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.

    1991-1996 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің тағылымдамадан өтушісі, прокурордың көмекшісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, аға прокуроры.

    1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің консультанты.

    2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы.

    2005-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, құқық қорғау жүйесі бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі.

    2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның хатшысы және мүшесі.

    2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

    2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары

    2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы.

    2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы.

    2019 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың маусым айына дейін – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппарат басшысы.

    2020 жылдың 28 қазанынан 2022 жылдың 8 тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы.

    2022 жылдың 8 тамызынан 2024 жылдың 5 мамырына дейін– Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды

    2024 жылдың 5 мамырынан- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы лауазыма тағайындалды

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері