
Темірәлиев Тимур Сәбитұлы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Өмірбаян
жоғары, 2000 жылы ҚР ІІМ академиясын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген
Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
2000 жылы ҚР ІІМ академиясын үздік бітірді, Д. Қонаев стипендиясының иегері.
1996 – 2007 жылдары – ішкі істер органдарында қызмет (тергеу мамандығы).
2007–2019 жылдары – Бас прокуратурада, оның ішінде. Бас Прокурордың тергеу және жедел-тергеу топтарын басқару жөніндегі аға көмекшісі, арнайы прокурорлар департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Агенттік Төрағасының көмекшісі - құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша, Превенция департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымдарында.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары.


