Әлиева Мадина Икрамқызы

    Персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы

    Әлиева Мадина Икрамқызы
    Руководитель отдела

    Әлиева Мадина Икрамқызы

    Персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Әлиева Мадина Икрамқызы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    2005 - 2009 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    2009 - 2013 жылдары - "Құқық" мамандығы бойынша Болашақ университетін бітірген.

    2013-2015 жылдары Болашақ университетінде "Экономика" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасында бас маман, бас инспектор болып бастады;

    2013 - 2014 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының кадр, іс-қағаздар және әкімшілік шаруашылық қызмет менеджері .

    2014 - 2020 жылдары - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында әкімшілік-экономикалық бөлімінің бас маманы, әкімшілік бөлімінің басшысы .

    2020 - 2024 жылдары - Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

    2024 жылғы 5 наурызда қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері